| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия басшысы Александр Вучичті екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Александр Вучичті еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – Алтын Қыран орденімен марапаттады.
Президенттің айтуынша, бұл марапат – қазақ халқының Сербия басшысына және серб халқына деген ерекше құрметі мен ризашылығының айғағы.
– Бұл – қазақ жұртының Сізге және Сербия халқына деген зор ризашылығы және ерекше құрметінің белгісі. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Осы марапат екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал етеріне кәміл сенемін. Қос халықтың достығы жасай берсін! – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, «Алтын Қыран» ордені – Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы.