Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті екенін айтты.
"Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін азайту. Осыған байланысты үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес", - деп жазды ол Twitter парақшасында.
Ол бүкіл әлемде пандемия өршіп тұрғанын айтты. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр, деді президент.
3 тамыз таңертеңгі ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда тағы 1 069 адам коронавирус жұқтырған.
Тағы көру