Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық импортқа 25% көлемінде бірыңғай кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл шешім туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.
Сондай-ақ Қазақстан Америкада өндіріс орындарын ашса, бұл тарифтер қолданыстан шығуы мүмкін деген ұсыныс білдірген.
Трамптың айтуынша, бұл шешім Қазақстанмен арадағы "ұзақ мерзімді және тұрақты сауда тапшылығы" салдарынан қабылданған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолданған хатында АҚШ басшысы көпжылдық келіссөздерге қарамастан, "екіжақты қатынастардың біржақты күйінде қалып отырғанын" атап өткен.
- Бұл хатты сізге жолдау мен үшін үлкен құрмет. Себебі бұл біздің сауда қатынастарымыздың беріктігін және Америка Құрама Штаттарының сіздердің ұлы еліңізбен елеулі сауда тапшылығына қарамастан ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін көрсетеді. Егер сіз қандай да бір себеппен өз тарапыңыздан баж салығын енгізетін болсаңыз, оның мөлшеріне қарамастан, оған біздің 25% мөлшерлеме қосылады, – делінген құжатта.
Трамп біздің елден бөлек Жапония, Оңтүстік Корея, Солтүстік Африка, Тунис, Индонезия және т.б. елдерге 25% баж салығын енгізетінін жариялады.