474.08
558.28
6.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түнгі
Жаңалықтар

Түнгі "бизнес": полиция мал ұрлауды кәсіп еткен ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады

16.04.2026
мин
0
116

"Заң және тәртіп" қағидаты аясында Ішкі істер министрлігі мал ұрлығын анықтау және оның жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

9 сәуір күні Атырау облысында полиция қызметкерлері түйе ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.

Анықталғандай, қаскөйлер әдейі дала аймақтарына шығып, еркін жайылып жүрген малды бақылауға алған. Түнгі уақытта жануарларды айдап әкетіп, жүк көлігімен Маңғыстау облысына жеткізіп, кейін сатуды көздеген.

Қазіргі уақытта топтың ондаған бас мал ұрлығына қатысы дәлелденді. Келтірілген шығын 10 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленіп, сатылуына жол берілмеді.

Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Мал ұрлығы — ауыл тұрғындарының әл-ауқатына тікелей соққы. Осы бағытта ІІМ жұмысты кезең-кезеңімен күшейтіп келеді. Министрдің тапсырмасына сәйкес, мұндай қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып жатыр.

Еске саламыз: мал ұрлығы үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Заң бәріне ортақ.

Алдын алу мақсатында ІІМ мал иелеріне үй жануарларын есепке алуды, оның ішінде чиптеуді қамтамасыз етуді және қараусыз қалдырмауды ұсынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл