Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысында 800 жаңа жұмыс орны ашылмақ
Жаңалықтар

Түркістан облысында 800 жаңа жұмыс орны ашылмақ

05.02.2026
мин
0
136
Сурет: world-nan.kz

Түркістан облысында 800 жаңа жұмыс орны ашылмақ, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Түркістан облысында құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылу жоспарланып жатыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Келес ауданында жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіретін "Ecoculture-Eurasia" жылыжай кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Аталған жылыжай кешені өңірдің агроөнеркәсіптік дамуы мен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Жалпы жобаның инвестициялық көлемі 42 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда 40 гектарда  құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жылыжай блоктарының металл құрылымдары орнатылып, ішкі және сыртқы желілер жүргізілді, қазандық және қосалқы отын қоймасы салынды. 8 жылыжай блогының төртеуі іске қосылған.

"Ecoculture-Eurasia" ЖШС-ның негізін қалаушы Алмас Дәуітовтың айтуынша, жоба толық іске қосылған соң 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Кешен заманауи нидерландтық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.жылыжайлардың аумағы кезең-кезеңімен 500 гектарға дейін ұлғайтылады.

Кешенді іске қосу 2027 жылдың көктеміне жоспарланған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл