Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөліміне "Охотзоопром" инспекторынан хабарлама келіп түсті. Онда аймақта жүрген белгісіз күдікті көлікті тексеру керектігі жеткізілді. Оқиға орнына жедел жеткен полиция ҚР Қызыл кітабына енгізілген жабайы жануарларды заңсыз аулау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жедел уәкілдермен дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде Toyota land gruizer көлігі, 16 ақбөкен аңының ұшасы, оның 13 басы, 2 пышақ, 58 аңшы мылтығының оғы, дүрбі, аңшы мылтығы, 12 калибрі екі ұңғылы 2 мылтық, 4 жарықтандырғышты заттай дәлелдеме ретінде тәркілеп алды.
Тиісті сараптама тағайындалды. Жергілікті полиция қызметінің полицейлері көліктегі күдікке ілінген 4 ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Олар Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты. Бұл жайт жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.