Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысында ірі көлемдегі субсидияны жымқыру әрекеті анықталды
Жаңалықтар

Түркістан облысында ірі көлемдегі субсидияны жымқыру әрекеті анықталды

21.05.2025
мин
0
353
depositphotos.com

Түркістан облысында мал дәрігерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сауран аудандық ветеринария бөлімінің ветеринариялық станция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Облыс прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер мал шаруашылығын дамытуға бөлінген аса ірі мөлшердегі мемлекет қаржысын жымқырған. Іс сотқа жеткен.

- Тергеу барысында Оранғай, Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары мен ветеринарлық бекеттің меңгерушісі 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ малдар бар екені туралы деректер базасына жалған мәліметтер енгізіп, жалпы сомасы 271 млн теңге субсидияны жымқырғаны анықталды, - деді Түркістан облысы прокурорының орынбасары Досымхан Айтишев.

Станция қызметкерлері қолдан құжат жасап, өмірде жоқ ұсақ және ірі қара малды тіркеген және сол арқылы мемлекеттің аса ірі көлемдегі ақшасын қолды қылған. Күдікті ретінде 5 адам ұсталған.

- Іс бойынша 5 адам күдікті деп танылды. Оның ішінде үшеуі - ветеринария қызметкері. Біреуі - ветеринария станциясының меңгерушісі, - деді Түркістан облысы прокурорының орынбасары Досымхан Айтишев.

Күдіктілер жымқырды деген 271 миллион теңге ақшаның 19 миллион теңгесі қайтарылған. Олардың 120 миллион теңге тұратын мүлкіне тыйым салынған. Сот тергеуі басталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл