Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желіде ұлттық киіммен сабаққа барған оқушыларға ұрсып, оюлы жакетін күштеп шештірген ұстаздың видеосы тарады.
«Мен сабағыма өзім жауап беремін, оқушылар ақ көйлекпен отырады», - деген мұғалім мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына да дауыс көтереді. Видеодағы кадрда жылап тұрған оқушы қыз мұғалімнің сабақ үстінде психологиялық қысым көрсетіп, негізсіз жаңа дәптер арнатқанын айтады.
Аталған жағдай 14-наурыз күні Мақтаарал ауданында болған. Түркістан облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша бұл мәселені ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар өз бақылауына алды.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда аталған факт бойынша Мақтаарал ауданының полиция бөлімінде іс тіркелген. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданатын болады.
Тағы көру