Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысындағы жанармай құю станциясында жарылыс орын алып, бекет маңындағы бірнеше нысанға зақым келді, - деп хабарлайды Dauletten.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылында түскі уақытта болған. Цистерналарға бензин құю кезінде өрт тұтанып, жанармай бекеті түгел жанып кеткен. Қатты жалын жақын орналасқан сауда үйі, дәріхана мен дүкенге де тараған.
Жалпы өрт 855 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге облыстан бөлек, Шымкент қаласынан да мамандар мен арнайы техника тартылып, өрт төрт сағат бойы сөндірілді.
Оқиға кезінде 29 жастағы бензин таситын көліктің жүргізушісі зардап шекті. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
- Алдын ала диагноз бойынша, үшінші және төртінші дәрежелі күйік анықталған. Күйік дененің 85-95 пайызын қамтыған. Жағдайы өте ауыр, травматикалық шок алған. Облыстан арнайы комбустиолог-дәрігерлер келіп, кеңес берді. Науқас жансақтау бөлімінде үздіксіз ем қабылдап жатыр, – деді Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дәулет Сағатұлы.