Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістанда тігін фабрикасы салынады
Жаңалықтар

Түркістанда тігін фабрикасы салынады

30.06.2020
1 мин
0
1054

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен келген делегациясымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосу барысында екі тарап Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта тігін фабрикасын салу мәселесін көтерді. Нәтижесінде облыс орталығында жаңа кәсіпорын ашылып, 1200 адам жұмыспен қамтылмақ.

«Елбасының Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Биыл Түркістан облыс мәртебесіне ие болғанына 2 жыл. Киелі шаһарға туристерді тарту  үшін көп жұмыс атқарылуда.  Түркістанның дамуына мемлекет тарапынан да ерекше көңіл бөлініп келеді. Қаланың инфрақұрылымын жаңарту, жаңа инвестициялар тарту және туризм саласын жедел дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Төтенше жағдайлар министрі Турсинхан Худайбергенов тігін цехын ашып, табысы төмен және мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен қыз-келіншектерді жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр. Тігін фабрикасында костюм, сырт киім мен спорт киімдері тігілетін болады. Алғашқы инвестицияны Өзбекстан мемлекеті салып, мамандары өз тәжірибесімен бөлісетіндігін жеткізді.

Қонақтар іссапар барысында қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын күзде аяқтау керектігін айтты.

Облыс әкімі  құрылыс қарқыны мен сапасына аса назар аудару қажеттігін ескертіп, құрылыс бекітілген кестеге сай аяқталуын жүктеді. Өзбекстан Республикасынан келген делегация өкілдері құрылыс алаңдарын аралап,  шаһардың ерекше көркіне қызығушылықтарын білдірді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл