Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жәнібек Әбілхан – Темірлан ауылы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы.
Жәнібек 10-сыныптан бейінді пәндерін таңдап, дайындығын бастаған. Информатика пәніне бұрыннан қызуғушылығы бар. Ол IT саласын таңдап, отандық жоғары оқу орнына түсуге бел буып отыр.
Көпбалалы отбасынан шыққан Жәнібек үйдің екінші баласы. Жәнібек үздіксіз дайындық, сапалы білімнің арқасында мұндай жетістікке жетіп отыр. Жәнібек ҰБТ-ның ең жоғары баллын алу үшін үздіксіз еңбек ету керек екенін, әр тапсырманы уақытында орындап, жігерлі әрі талапты болу керек екенін айтады.