Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркия Израиль президентінің ұшағын өз әуе кеңістігінен өткізбей тастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Түркия Израиль президенті Ицхак Герцогтың ұшағын өз әуе кеңістігінен өткізбеді. Соның салдарынан Израиль президенті Бакуде өткен климаттық саммитке қатыса алмады.
Бұл оқиға Түркия мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынастардың шиеленісіп, күрделене түскенін көрсетеді. Себебі Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған Газадағы жағдайды геноцид деп атағаннан кейін, екі ел арасындағы байланыс нашарлаған.
Ердоған Түркия Израильмен барлық қарым-қатынасты үзіп, болашақта оны қалпына келтіруге қадамдар жасамайтынын ашық айтты. Бұл мәлімдеме Түркияның Израильмен арадағы қатынастарды қайта орнатуға ниет білдірмейтінін білдіреді.