| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте жалған студенттерді тіркеу арқылы мемлекет қаржысын заңсыз иемденгендерге қатысты тергеу аяқталды. Күдіктілер 1,3 млрд теңгеден астам қаражат жымқырған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті білім беру саласындағы ірі көлемдегі қаржы жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу мәліметінше, 2018–2023 жылдар аралығында екі колледжде жалған оқыту схемасы ұйымдастырылған. Яғни, студенттер ресми түрде тіркелгенімен, іс жүзінде сабаққа қатыспаған және білім алмаған. Соған қарамастан, оқу орындары мемлекеттен қаржы алып отырған.
Агенттік дерегіне сәйкес, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1,3 млрд теңгеден асқан.
Тергеу барысында күдіктілерге тиесілі мүліктерге тыйым салынды. Олардың қатарында Дубай қаласындағы пәтер, үш тұрғын үй және үш автокөлік бар.
Қазіргі таңда екі күдікті қамауға алынған. ҚМА мәліметінше, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы барлық әрекетті түрмеде отырып басқарған.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.