Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұтынушылар құқығы қай салаларда жиі бұзылады?
Жаңалықтар

Тұтынушылар құқығы қай салаларда жиі бұзылады?

14.07.2023
2 мин
0
395
Фото: egemen.kz

Биылғы 6 айда тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен аумақтық департаменттерге 17 мыңнан астам өтініш түскен, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50 пайызды құрады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Көбінесе тұтынушылардың құқықтары келесі салаларда бұзылған:
- бөлшек сауда – 40,3% (7040 шағым);
- электрондық коммерция – 27,5% (4 795);
- тұрмыстық қызмет көрсету – 9,7% (1 685);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 3,4% (597);
- және басқа салаларда - 19,1% (3341 шағым).

Комитет төрағасы Асқар Тынысбеков осы кезеңде интернет-коммерциядағы шағымдардың үлесі жағынан да, өсу қарқыны бойынша да айтарлықтай өскенін, бұл интернет-коммерция сегментіндегі жетілмегендік пен заңнамалық олқылықтарға байланысты екенін атап өтті.

«Түскен өтініштердің жалпы санының 44%-ы бойынша оң шешім қабылданып, 43%-ы консультациялық-құқықтық көмек көрсетілсе, 11%-ы құзыретіне қарай салалық мемлекеттік органдарға жіберілді. Ал 2 пайызы бойынша сотқа шағым түсірілді», - деді Асқар Тынысбеков комитеттің алқа отырысында.

Жыл басынан бері аумақтық департаменттер 94 кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жазаға тартты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жарты жыл ішінде тұтынушыларға 411 млн теңге қайтарылды.

Айта кетейік, жалпы сомасы 74 миллион теңгеден астам қаражатты массаждық орындық орнына арзан қаптамасын алған 85 тұтынушының құқығы қорғалды.

Сондай-ақ BekAir компаниясының 1861 тұтынушысының жалпы сомасы 114,3 млн.теңгеге құқықтарын қорғау бойынша жеті талап арыздың пайдасына оң шешім шығарылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл