Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл негізгі ҰБТ 16-шы мамыр мен 5-ші шілде аралығында өтеді. Бүгінде 166 мың талапкерден екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мың өтініш келіп түскен. Тестке қатысушылардың 75% – ы қазақ тілінде, 25% - ы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде бақ сынайтын болады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Осы жылдан бастап біз барлық талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге байланысты ерекше мүмкіндік беріп отырмыз. Енді сіздер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтиже бойынша грант конкурсына қатыса алады. Бүгін Қазақстанда біз шекарасыз білім беруге ұмтыламыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз сапалы білім алып, өз әлеуетіңізді толық ашу үшін мүмкіндік жасаймыз», - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елордадағы тестілеу орталығының бірінде.
Айта кетсек, талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және орнын өтініш беру барысында таңдауға мүмкіндік алды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгіледі. Комбинацияларға келетін болсақ, қазіргі таңда талапкерлердің 18%-ы «Математика-Физика», 17%-ы «Биология-Химия», 13%-ы «Шығармашылық», 10%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады.
Тестілеу форматында өзгеріс жоқ. Пәндер саны да бұрынғыдай, яғни үш міндетті және екі бейіндік пәндер, барлығы 120 тест тапсырмасы. Бірақ, Қазақстан тарихында – 20, оқу сауаттылығында – 15, математикалық сауаттылықта – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыты сақталады.
Биыл ҰБТ аяқталған соң 31 қазанға дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіліп, тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.