Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент АЭС бойынша республикалық референдумда дауыс беріп болған соң БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Сұқбат барысында Үкімет жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Брифинг барысында Мемлекет басшысына "Қазіргі Үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма?" деген сұрақ қойылды.
– Менің ойымша, Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерімді орындауға тырысады. Жұмысымыз өте қауырт. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына көріне бермеуі мүмкін. Ақпараттарды жан-жақтан алып отырамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Сондықтан елдегі барлық оқиғадан әрқашан хабардармын. Министрлердің және Үкіметтің жұмысында кемшілік кетіп жатқан тұстар болса, әлбетте, ескертемін. 7 ай деген көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.