| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Үкіметі 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоспардың негізгі мақсаты – көлеңкелі экономика үлесін қысқарту, бизнестің ашықтығын арттыру, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және кәсіпкерлерге қосымша міндеттемелер жүктемей-ақ бюджет кірістерін көбейту.
Үкіметтің мәліметінше, көлеңкелі экономиканың үлесі 2019 жылғы ЖІӨ-нің 24%-ынан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16,7%-ға дейін төмендеген. Енді бұл көрсеткішті 2028 жылға қарай 13,8%-ға дейін азайту жоспарланып отыр.
Кешенді жоспар аясында жасанды интеллект негізіндегі бірыңғай цифрлық мониторинг платформасы іске қосылып, көлеңкелі экономика тәуекелдерін анықтау күшейтіледі. Сондай-ақ сауда, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын цифрландыруға бағытталған 53 іс-шара жүзеге асырылады.
Үкімет жоспарды іске асыру бизнестің әкімшілік жүктемесін арттырмай, экономиканың ашықтығын күшейтіп, бюджет кірістерінің тұрақты өсуіне мүмкіндік береді деп есептейді.