Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан үкіметі 2025–2029 жылдарға арналған "Маңғыстау" туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысында туризмді ілгерілету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында қабылданды. Ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі таратты.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжатта туризм саласындағы 9 бағыт бойынша жүйелі шаралар қарастырылған. Атап айтқанда: инфрақұрылым мен логистиканы дамыту, цифрландыру, қауіпсіздік, кадр даярлау, инвестициялық жобаларды қолдау және тағы басқа бағыттар қамтылған. Жоспар аясында 100-ден астам іс-шараны жүзеге асыру көзделіп отыр.
Аймақ үшін маңызды саналатын 12 туристік нысанның бірі — Кендірлі туристік аймағы, оны дамыту басты бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Мұнда инфрақұрылымды жақсарту, инженерлік желілер тарту, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету, көлік қатынасын жеңілдету сынды кешенді жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, Кендірлі ауылында жаңа әуежай салынып, жолдар мен басқа да нысандар жөнделеді. Бұл ретте инвесторлар мен экологиялық бастамашыл топтардың пікірлері ескерілген.
Ақтау қаласында теңіз вокзалы мен халықаралық стадион салу жоспарланып отыр.
Өңірде туризмді танымал ету мақсатында мәдени-спорттық іс-шаралар өткізу де көзделген.
Кешенді жоспар туристер үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, аймақтағы инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту көзделген. Бұл үшін "Каспий" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылады.
Жоспар жүзеге асырылған жағдайда, 2029 жылға қарай: