Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкімет онлайн аударымдарды тексере ме?
Жаңалықтар

Үкімет онлайн аударымдарды тексере ме?

24.05.2023
1 мин
0
549

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Kaspi банк клиенттерінің онлайн аударымдарына мониторинг енгізу бойынша қадамдарға пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Менің білуімше, екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасуға қатысты тиісті қадамдар жалғасып жатыр. Әзірге, нақты нәтиже жоқ. Бұл 2025 жылға дейін атқарылатын жүйелі жұмыс. Ешқандай тексерулер болмайды, адамдар мен биснеске қысым жасалмайды. Мен осы жайында кепілдік бере аламын», - деді Е. Жамаубаев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар тілшілер министрден онлайн аударымдар жасайтын адамдардың тізімін жасау мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Мемлекеттік кірістер комитеті өз еркімен ешқандай талаптарды енгізбейді. Мәліметтерді басқа мемлекеттік органдардың базасынан аламыз. Біздің ведомство өз бетінше мұндай қадамдарды жасай алмайды. Егер біздің құрылымда осыған біреудің қатысы болса, мен ол адамды жұмыстан шығарамын», - деді Қаржы министрі.

Фото: baq.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
172
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл