| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда студенттерге арналған жатақханалар саны артып келеді. Үкімет алдағы жылдары студенттерді жатақханамен қамту деңгейін 100%-ға жеткізуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Соңғы жылдары елімізде студенттерге арналған 250-ден астам жатақхана пайдалануға берілді. Нәтижесінде орын тапшылығы алты есеге қысқарып, қазіргі уақытта студенттердің шамамен 85%-ы жатақханамен қамтылған.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет жастардың сапалы білім алуына және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмысты жалғастырып жатыр.
Вице-министр жастардың білімге деген сұранысы өзгеріпжатқанын атап өтті. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, жастардың 63%-ға жуығы жасанды интеллект технологияларын меңгеруді маңызды деп санайды.
Осыған байланысты Қазақстанда цифрлық білім беру бағдарламаларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі уақытта Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығын құру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында IT, инженерия, медицина және жаратылыстану ғылымдары сияқты басым бағыттардың саны артып келеді. Бұл ел экономикасына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.