Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық банк алаяқтарға қатысты ескерту жасады
Жаңалықтар

Ұлттық банк алаяқтарға қатысты ескерту жасады

12.11.2022
1 мин
0
886

Қазақстан Ұлттық банкі мен Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы "Цифрлық теңге" жобасына инвестиция салуға шақыратын алаяқтардың сайттары пайда болғанын ескертті.

"Цифрлық теңге" жобасы азаматтардан инвестиция тартпайды. Ол төлемдер мен ақша аударымдары саласында Қазақстанның ұлттық валютасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Цифрлық теңге қазір әзірлеу және сынақтан өткізу кезеңінен өтіп жатыр. Жоспар бойынша ұлттық цифрлық валютаны енгізуге қатысты түпкілікті шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады.

"Азаматтардың жеке деректері мен қаражатын қолды қылу үшін алаяқтар Цифрлық теңге жобасы бойынша жалған веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде парақшалар ашып жатыр. Ұлттық банк мұндай интернет-ресурстарға сенбеуге, жеке бастың және байланыс деректері көрсетілген кез келген бланкті толтырмауға шақырады. Егер жеке деректерді жіберіп қойған болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек", - дейді мамандар.

Цифрлық теңге жобасы туралы ресми ақпарат payfintech.kz сайтында, Қазақстан Ұлттық банкінің интернет-ресурсында болады. Басқа сайттардың, соның ішінде ".kz" домендік кеңістігінен тыс тіркелген сайттардың бұл жобаға еш қатысы жоқ. Осыған қатысты басқа да кеңестерді Ұлттық банктің 1477 Байланыс орталығынан алуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл