Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге еркін айырбас бағамында болғандықтан, девальвацияға алаңдауға себеп жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның сөзінше, ұлттық валютаның бағамы ішкі және сыртқы ықпалдардың нәтижесінде өзгеріп отырады.
- Теңге бағамы түрлі факторларға байланысты нығаюы немесе әлсіреуі мүмкін. Негізінен оған сыртқы жағдайлар әсер етеді. Ең басты көрсеткіш – мұнай бағасы, – деді Сүлейменов.
Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы әлемдегі қаржы нарығындағы жағдайды нақты болжай алатын сарапшы жоқ екенін атап өтті.
- Даурығатын жағдай көріп отырған жоқпыз. Елдің экономикалық өсуі мен бюджеттік көрсеткіштері жоспарланған деңгейде. Жалпы алғанда, жағдай тұрақты. Алдағы кезеңдегі өзгерістер тек Қазақстанға ғана емес, жаһандық нарықтағы процестерге де тәуелді болады, – деді ол.