Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк зейнетақы қорының депозиттерін банктерде жабу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Нәтижесінде, бірден 5 банктегі жинақтар тоқтатылды, ал қазір қордың депозиті тек Ұлттық банкте ғана сақталады. Қазіргі уақытта 696,4 млрд теңге Ұлттық банкте орналастырылған, оған ел қазынасынан 15,25% ставкамен сыйақы бөлінеді. Алайда, Ұлттық банк депозиттерді жабудың нақты себебін әлі күнге дейін түсіндірген жоқ.
Ресми деректерге сәйкес, зейнетақы қорында 12 млн 300 мыңнан астам салымшының жеке шоты бар. 2024 жылы қор салымшыларға 3 трлн 334 млрд 800 млн теңге таза инвестициялық кіріс қосқан. Бұл әрбір салымшыға орта есеппен 270 955 теңге табыс әкелді.
Қазіргі таңда зейнетақы қорында 43,5 млрд доллар көлемінде қаржы бар. Сарапшылардың айтуынша, қордағы жинақтың көлемі өсудің орнына, инфляцияның әсерінен төмендеуде. Өйткені жылдың басында зейнетақы активтерінің табыстылығы -1,25 деңгейінде болды.