Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық банк жалған ақшаға қатысты ескерту жасады: ең көп қолдан жасалғаны – 5 000 теңгелік банкноталар
Жаңалықтар

Ұлттық банк жалған ақшаға қатысты ескерту жасады: ең көп қолдан жасалғаны – 5 000 теңгелік банкноталар

22.07.2025
1 мин
0
254

Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарға жалған ақша белгілерінен сақ болуды ескертіп, қолма-қол есеп айырысу кезінде мұқият болуға шақырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 465 150 теңгені құрайтын 96 жалған ақша белгісі анықталған. Оның ішінде 93-і – банкнот, ал 3-і – монета.

Ең көп таралған жалған ақша – 5 000 теңгелік банкноталар. Тәркіленген жалған ақшаның 85 данасы дәл осы номиналға тиесілі. Бұл – барлық анықталған жалған банкноталардың 88,5 пайызы. Сонымен қатар, 2 000 теңгелік номинал бойынша 5 дана (5,2%), 10 000 теңгелік банкноталардан 3 дана (3,1%), ал қалған 3,2% – жалған монеталарға тиесілі болған.

Осыған байланысты Ұлттық банк жалған банкноталарды анықтауға көмектесетін бірқатар қарапайым белгілерді еске салады.

Мамандардың айтуынша, жалған ақшалар әдетте қарапайым офсеттік қағазға түрлі түсті принтерлер арқылы басылып шығады. Мұндай банкноталарда арнайы қорғаныш элементтері болмайды, ал микрожазулар көмескі әрі анық емес болады – әсіресе ұлғайтып қарағанда.

- Қазақстан Ұлттық банкі банкноталардың қолдан жасалуына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде алдын алу шараларын жүргізіп келеді. Азаматтарға қолма-қол төлем жасаған кезде ақша белгілерін мұқият тексеруге кеңес береміз. Егер күмәнді купюралар қолға түссе, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет, – деді Ұлттық банк өкілдері.

Шынайы банкноталарды жалғанынан ажыратуға болатын бірқатар визуалды және тактильді қорғаныш элементтері бар. Толық ақпаратпен және үлгілермен Ұлттық банктің ресми сайтынан танысуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл