Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҰБТ қағаз немесе электрондық форматта Ұлттық тестілеу орталығы арқылы немесе жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында, не болмаса Ұлттық тестілеу орталығы айқындайтын ұйымдарда өткізіледі. ҰБТ-ға қатысуға өтініш (қағаз және электрондық форматта) Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында онлайн режимде қабылданады.
Негізгі өзгерістер:
Мүгедектігі бар талапкерлер үшін тестілеуге қатысу тәртібі жеңілдетілді;
Халықаралық стандартталған тестілер (SAT, ACT, IB, A-Level) де қабылданады;
Дәлелді себеппен тестке қатыспаған талапкерге сол кезең ішінде қосымша мүмкіндік беріледі (мысалы, денсаулық жағдайына, отбасындағы ауыр жағдайға, олимпиадаларға қатысуға байланысты);
TOEFL, IELTS секілді халықаралық ағылшын тілі сертификаттары бар талапкерлер өз қалауы бойынша «Шетел тілі» пәнінен босатылады.
ҰБТ мерзімдері де өзгертілді:
1 наурыз – 6 сәуір (бұрын – 1-31 наурыз)
10 мамыр – 10 шілде (бұрын – 16 мамыр – 5 шілде)
Электрондық өтініш беру мерзімі:
10 – 25 сәуір (2 рет тапсыруға болады)
25 шілде – 5 тамыз