Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша ең көп өтініш Түркістан облысынан келіп түскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Статистика деректеріне сүйенсек, ең көп тұрғын – 922 841 бала, Түркістан облысында. Бұл азаматтарға 92 763 000 $ нысаналы талаптар ретінде есептелді. Соның ішінде 18 жасқа толатын балалар саны – 41 968, оларға 4 218 000 $ түсті.
Бала саны бойынша екініші орында Алматы қаласы – 666 443 балаға, 66 990 000 $ есептелген. Оның ішінде 18 жасқа толатын 26 621 балаға 2 675 000 $ түсті.
Үшінші орында Алматы облысы. 608 711 балаға 61 187 000 $ есептелген. 18 жасқа толатын 26 802 балаға 2 694 000 $ түсті.
Басқа өңірлер бойынша толық ақпарат сайтта көрсетілген», - деді Мұрат Шәріпов.
Жобаның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және оларға Ұлттық жинақ есебінен білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсатуға мүмкіндік беру. Бағдарлама аясында балаларға әрбір жыл сайын нысаналы талаптар есептеліп отырады. Бала 18 жасқа толған жылы оның нысаналы талаптары нысаналы жинақтары ретінде БЖЗҚ-на келіп түседі.