Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҰҚК қызметкерлері бас дәрігер мен денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысын ұстады
Жаңалықтар

ҰҚК қызметкерлері бас дәрігер мен денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысын ұстады

28.08.2025
мин
0
554

Қостанай облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, аудандық аурухананың бас дәрігері және коммерциялық кәсіпорынның директоры ұсталды. Бұл туралы өңір прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Күдіктілер 25 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қылмыстық-құқықтық саясат жөніндегі қызметі мен Қостанай облысы прокуратурасының бірлескен жедел-тергеу тобы жүргізген жедел іс-шаралар мен прокурорлық тексерудің нәтижесінде ұсталды.

26 тамызда мамандандырылған тергеу соты аталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы ("Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша басталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 

Тергеудің мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл