Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады.
Енді Қазақстанда мұғалімер күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланып отыр. Қолданыстағы ҚР мерекелік күндердің тізбесінде "Мұғалімдер күні" кәсіби мерекесі қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.
Мұғалімдердің кәсіби мерекесі нақты 5 қазанға белгіленеді.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.
Фото: tirshilik-tynysy.kz
Тағы көру