Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұстаздардың еңбекақысы 25%-ға артады - министр
Жаңалықтар

Ұстаздардың еңбекақысы 25%-ға артады - министр

17.11.2022
1 мин
0
486

Шығыс Қазақстан облысының халқымен кездескен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылы қаңтарда білім беру қызметкерлері мен педагогтардың еңбекақысы қосымша тағы 25 пайызға артатынын ​мәлім етті.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті халықпен кездесті. Сондай-ақ сапар барысында ол Өскемен қаласындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептер құрылысына дайындық жұмыстарымен танысып, «Рахат» балабақшасында болды.

«2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң көп нәрсені өзгертті. Мектеп, колледж мұғалімдерінің, балабақша тәрбиешілерінің және қосымша білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру сияқты бірнеше бағытта жұмыс жүргізілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша соңғы 3 жылда мұғалімнің жалақысы 2 еседен аса өскен. Келесі жылы қаңтарда білім беру қызметкерлері мен педагогтардың еңбекақысы қосымша тағы 25 пайызға артады», - деді Асхат Аймағамбетов облыс халқымен кездесуінде.

Министр қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, көпті толғандырған сауалдарға да жауап берді.

«Бүгінде мұғалімдер жалақыға қатысты мәселені еш көтермейді деуге болады. Олар тарапынан негізінен нормативтік құқықтық актілер, бағалау жүйесі және сапаны қамтамасыз ету туралы айтылып жатады. Әріптестерім мен ата-аналардың қойған сұрақтарының қатты өзгергендігі мені қуантады», - деді Оқу-ағарту министрі.

 

ҚазАқпарат

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл