Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтарға 8 292 пәтер беріледі. Оның ішінде халықтың осал топ өкілдеріне 427 баспана, көпбалалы отбасыларға – 452, жас мамандарға 1 050 пәтер бөлу қарастырылған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
Оның айтуынша, "Шаңырақ" жобасы аясында 3 578 пәтер, "Кредиттік баспана" бойынша – 1 411, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 374 пәтер беру көзделген. Сондай-ақ қала жастарын қолдауға арналған "Алматы жастары" бағдарламасы жалғасын табады. Аталмыш бағдарлама арқылы мыңнан аса жас маман баспаналы болмақ.
Еске сала кетейік, өткен жылы халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2 948 пәтер бөлінсе, "Алматы жастары" жобасы барысында жеңілдетілген несиемен мыңнан аса жас маман өз баспанасына қол жеткізді.
Тағы көру