Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үй кезегінде тұрғандарға баспана ұсыну талабы өзгерді
Баспанаға бағыт

Үй кезегінде тұрғандарға баспана ұсыну талабы өзгерді

15.08.2023
2 мин
6
3953
Фото: novmetr.ru

Биыл 15 тамыздан бастап әкімдікте баспана кезегінде тұрғандарға әлеуметтік тұрғын үйлер жаңа әдіспен ұсыналады, деп хабарлайды  dauletten.kz Отбасы банктің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Бұл қадамдар Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында қамтылды.

10%-дан басталатын алғашқы жарна болған жағдайда, несиелер жылдық 2% және 5% мөлшерлемесімен беріледі. Несие мерзімі 20 жылға дейін болады, - деп жазылған хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдарда баспана алу кезегінде тұрған азаматтардың келесі санаттары жылдық 2% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие алуға өтініш бере алады:

  • Бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар.

Қазір осы төрт санат бойынша 227 мың қазақстандық баспана кезегінде тұр. Оның ішінде 51 мыңы – І және ІІ топтағы мүгедектер.

«Егер мүмкіндігі шектеулі адамның кірісі болмаса немесе жеткіліксіз болса, онда ол қосымша қарыз алушыларды тарта алады. Бұрын бұл мақсатқа тек жақын туыстары – күйеуі немесе әйеліне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толған балаларына ғана кепілгер ретінде қатысуға рұқсат берілетін.

1 және 2-топтағы мүгедектігі бар азаматтарды қолдау және олардың баспана мәселесін шешуге көмектесу үшін қосымша қарыз алушылардың тізімі кеңейтілді.

Енді олар кепілгер ретінде туған ата-анасын, асырап алған ата-анасын, асырап алған балаларын, бір ата-анадан туған және бір ата-анадан тумаған аға-інілері мен апа-сіңлілерін, сондай-ақ атасы, әжесі, немерелерін тарта алады. Пәтер сатып алу шарты тікелей мемлекеттік бағдарламаға қатысушымен жасалады», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша кредит алу барысында барлық санат үшін кіріске шектеу қойылмайды.

Бұған дейін мемлекеттік бағдарламалар бойынша отбасының әрбір мүшесінің соңғы 6 айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1-ден (2% мөлшерлеме бойынша несие алу үшін) және 3,7-ден (5% мөлшерлеме бойынша несие үшін) аспауы керек деген талап болатын. Оның сомасы – 125 757 және 150 098 теңге. Мәселен, бұл сома белгіленген нормадан кем дегенде 100 теңгеге асып кетсе, отбасы жеңілдетілген заемнан қағылып, баспана мәселесін шеше алмайтын.

Мұнымен қоса, тұжырымдамаға сәйкес қатысушылар кредиттің ең жоғарғы сомасы бойынша шектелмейтін болады. Бұрын аймаққа байланысты ол 10 млн-нан 18 млн теңгеге дейін болатын. Енді кредит сомасы пәтер құнына қарай есептеліп, тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы аясында қалыптасады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 санатқа сәйкес келіп, пәтердің максималды ауданы 80 шаршы метрден аспайтын болады, - деп жазылған хабарламада.

Енді мемлекеттік бағдарламаға қатысу туралы өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жылжымайтын мүлік объектілері аясында қабылданады. Бұл енді

Қазақстан бойынша өтінімдерді жалпылама қабылдау болмайды деген сөз.

Яғни мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетті қатысушылары енді бірден белгілі бір аймақтағы нақты нысандағы нақты пәтерді таңдап өтінім беретін болады. Мысалы, қазір жылдық 2% мөлшерлемемен заем алып, азаматтар қоныстана алатын нысандар Шымкент пен Ақтөбе қалаларында дайын. Бұл бірінші кезеңде мемлекеттік бағдарламаға осы екі облыстың тұрғындары ғана өтініш беріп, қатыса алады деген сөз. Қалған өңірлердің тұрғындары жергілікті атқарушы органдар салатын белгілі бір өңірдегі жылжымайтын мүліктің дайын болу уақытына қарай бағдарламаға қатыса алады.

Банктің сайты мен әлеуметтік желілеріндегі ақпаратты қадағалап отыруларыңызды сұраймыз. Тұжырымдамаға қатысушыларды таңдаудың негізгі критерийлері ретінде: тұрғын үй кезегіне тұру уақыты мен қабылдану санаты болады. Яғни үміткерлер арасынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу кезінде бірінші кезекте 1 және 2-топтағы мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріледі. Жылжымайтын мүлік азамат баспана кезегінде тұрған аймақтан сатып алынуы керек, - деп жазылған хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Н
Нуржигитова Гаухар 16.08.2023
Жалғыз басты аналар неге жок, неге оларға ай берілмейді. Копбалалы отбасылар да акелери бар багатын біздің балаларымыздын әкесі жок карайласатын алиментте ондырып алмаймыз 30 35мынга зорға жетеді неге олай шеттетеді
Жауап беру
Н
Нуржигитова Гаухар 16.08.2023
Жалғыз басты аналар неге жок, неге оларға ай берілмейді. Копбалалы отбасылар да акелери бар багатын біздің балаларымыздын әкесі жок карайласатын алиментте ондырып алмаймыз 30 35мынга зорға жетеді неге олай шеттетеді
Жауап беру
А
Асем Сатаева 15.08.2023
Асыраушысынан айырылған деген статус неге коспайды. Неге осы бағдарлама коспайды. Осы бағдарламага асыраушысынан айырылған аналарда лайықты
Жауап беру
З
Зулфия 15.08.2023
Сонда толық емес отбасы бойынша тұрған біз ұқсағандар алаалмаймызба? 8 жылдан бері тұрамын очретте недеген әділетсіздік
Жауап беру
Н
Нургуль 15.08.2023
Толық емес отбасы бойынша кезекте тұрғандар ше ???????????? онда не үшін үміттендік, далада жүре беріңдер деген сөз бе???Біз неге өзге үшін жапа шегуіміз керек???
Жауап беру
Қ
Қазақ батырының қызы! 16.08.2023
Қазақстанда әйелдердің құқықтары ескерілмейді, күйеусымақтар кеткеннен кейін, баланы да өзің өсіріп-жеткіз, жұмысты да істе, пәтерді жалда, ал үкімет саған ортаңғы саусағын көрсетуге әрқашан дайын, бізден көмек жоқ, баланы өзің үшін тудың деп. Өзіміз үшін тамыз, бірақ әр мемлекет өз халқына көмектесуге міндетті! Не үшін біз президент, министр, депутаттарды сайладық? Бізге қызмет көрсету үшін!
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл