Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда бірқатар шет елдердегі сияқты болашақ жас жұбайларға кешенді медициналық зерттеп-қараудан өтуді көздейтін денсаулық паспортын енгізу ұсынылады, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің «Әрбір әйел - әрбір бала» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Отбасылық жұптардың денсаулық паспорты» жобасын әзірлеу және іске асыруда некеге тұрғанға дейін қыздар мен жігіттерді ерікті профилактикалық тексеруді көздейді.
«Бұл жобаны іске асырудың мақсаты ана өлімінің дамуына, жастардың репродуктивтік және соматикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға барынша әсер ететін кейбір ауруларды анықтау, жыныстық жолмен берілетін генетикалық, соматикалық және инфекциялық ауруларды уақытылы ерте анықтау және жүктілікті жоспарлаудан бұрын емдеуді бастау», - делінген мәлімдемеде.
Елімізде нәресте өлімінің 58,7%-ы - дене салмағы 2 500 грамнан кем шала туған нәрестелер, ал ана өлімінің барлық жағдайларының 46%-ы әйелдің әртүрлі созылмалы ауруларына байланысты.
«Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы проблемасы бар, олар адамның денсаулығына, сондай-ақ болашақ ұрпақтың денсаулығына әсер етеді. Осылайша, Қазақстанда АИТВ-инфекциясының барлық жаңа жағдайларының 74,7%-ы жыныстық жолмен берілуіне байланысты , ал үш негізгі ЖЖБИ - мерез, гонорея және трихомониаздың таралуы ресми статистикаға қарағанда 3-3,5 есе жоғары», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрліктің айтуынша, халықаралық тәжірибені талдау әлемнің көптеген елдерінде некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараудың енгізілгенін көрсеткен. Ұсыныстардың нақты тізімі әр елдің экономикалық, мәдени, діни және медициналық жағдайларына байланысты өзгерген.
Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараудың мақсатына айналған медициналық сипаттағы үш алғышарт бар.
Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қарау денсаулық сақтау жүйесіне қатты әсер ететін кейбір ауруларды анықтаған кезде қоғамдық денсаулыққа әсері.
Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараулар болашақ ерлі-зайыптылардың денсаулығының нашарлауына және ауру ұрпақтардың тууына жол бермейді.
Некеге дейінгі зерттеп-қарауға арналған ауруларды таңдау ықтимал аурудың алдын алу немесе емдеу мүмкіндігіне байланысты болды. Мұндай аурулардың арасында жиі кездеседі: талассемия, орақ тәрізді жасушалы анемия, АИТВ, В және С гепатиттері, қызамық, мерез, және басқа жыныстық жолмен берілетін аурулар.
Мысалы, Жерорта теңізінің кейбір елдерінде немесе Араб шығысында талассемия мен орақ тәрізді жасушалы анемияға некеге дейінгі міндетті тексеру жиі кездеседі, бұл жақын некенің жоғары таралуына байланысты.
Бұл елдерде міндеттеме қандай да бір ауру немесе аурудың даму қаупі болған жағдайда жастардың арасындағы некені тіркеуге тыйым салу емес, зерттеп-қаралып, медицина қызметкерлерінің уақтылы консультациясын алу міндеті болып табылады.