Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Вирустардың өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін – ДСМ
Жаңалықтар

Вирустардың өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін – ДСМ

19.11.2025
мин
0
372
Сурет: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын шамамен 3,5 миллион ЖРВИ жағдайы және 2 мыңға дейін тұмау оқиғасы тіркеледі. Биылғы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері 1 млн 461 мың ЖРВИ дерегі анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға төмен. Ауру жұқтырғандардың 66 пайыздан астамы — 14 жасқа дейінгі балалар.

Соңғы аптада республика бойынша вирустық инфекциялардың 183 мың жағдайы тіркеліп, былтырғы маусымның сәйкес аптасымен салыстырғанда 16 пайыз өсім байқалды.

Министр биыл вирустардың белсенді таралуы әдеттегіден ертерек басталғанын атап өтті. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері тұмаудың А типі бойынша зертханалық расталған 587 жағдай анықталған, оның ішінде А(H1N1) вирусының 3 жағдайы бар. Алдыңғы жылдары тұмау әдетте 43–51 апталарда, яғни жыл соңында жиілейтін болса, биыл ол 41-аптада — қазан айының алғашқы жартысында тіркеле бастаған. Болжамға сәйкес, аурушаңдықтағы өсу желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл