Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
XXV қысқы Олимпиада ойындары аяқталды
Жаңалықтар

XXV қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

23.02.2026
мин
0
67
Olympic.kz

Италияның қос шаһары — Милан мен Кортина-д’Ампеццо төрінде өткен XXV қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. 17 күнге созылған дүбірлі додада әлемнің 94 елінен келген 2917 спортшы 16 спорт түрі бойынша 116 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде тарихи жетістікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Төрт жылда бір рет өтетін қысқы спорт мерекесіне 94 мемлекеттен 2917 атлет қатысып, 16 спорт түрі бойынша бақ сынасты. Биылғы бәсеке тартыс пен рекордтарға толы болды.

Қазақстан құрамасы бұл Олимпиадада 10 спорт түрінен 36 спортшымен өнер көрсетті. Ел қоржынына тарихи жетістік сыйлаған — мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров. Ол қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, отандық мәнерлеп сырғанау тарихында жаңа белеске көтерілді.

Сонымен қатар бірқатар қазақстандық спортшылар үздік ондыққа еніп, жоғары нәтижелер көрсетті. Шаңғымен үлкен тұғырдан секіруден Илья Мизерных сегізінші орынға тұрақтады. Конькимен жүгіруде Надежда Морозова алтыншы, Елизавета Голубева жетінші, ал Евгений Кошкин тоғызыншы нәтиже көрсетті.

Шорт-тректен Денис Никиша жетінші орын иеленсе, фристайл-могулдан Анастасия Городко сегізінші, Павел Колмаков тоғызыншы сатыға жайғасты. Ал мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина үздік ондықты түйіндеді.

Осылайша, XXV қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан спорты үшін тарихи жеңіс пен жарқын нәтижелер кезеңі ретінде есте қалды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл