Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ыстамбұлдың Истикляль көшесіне жарылғыш зат қалдырған Ахлам Альбашир Түркияға арнайы тапсырмамен келгенін мойындады, деп хабарлады Cumhuriyet агенттігі.
Күдіктінің сөзінше, ол Түркияға заңсыз жолмен Африн-Идлиб қалалары арқылы келген.
«Сирия демократиялық партиясы, Бірлескен демократиялық партиясы және Күрдстан жұмысшылар партиясы тарапынан арнайы дайындықтан өттім. Теракті жасау үшін олардан арнайы тапсырма алдым», - деді Ахлам Альбашир.
Сондай-ақ, түркі басылымдары елде қарулы күштер тарапынан ұйымдастырылған арнайы операция кезінде Ахлам Альбаширден бөлек 46 күдікті азамат ұсталғанын хабарлады.
Айта кетейік, кеше Ыстамбұлдың орталық көшесінде болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақаттанды.
Көп ұзамай Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу жарылғыш зат қалдырған әйел адамды ұсталғанын мәлімдеді.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.