469.93
541.64
5.71
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Заң бұзғандарды түсіргендерге 43 мың теңгеден астам төлем қарастырылған
Жаңалықтар

Заң бұзғандарды түсіргендерге 43 мың теңгеден астам төлем қарастырылған

10.08.2026
мин
0
77
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Түркістан облысында құқықбұзушылықты видеоға түсіріп, оның расталуына ықпал еткен азаматтарға сыйақы төлеу тәртібі бекітілді. Ең жоғары төлем мөлшері – 43 250 теңге, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Түркістан облысының әкімдігі заң бұзушылықтарды фото немесе видеоға түсірген азаматтарды ынталандыруға арналған жаңа тәртіпті бекітті. Тиісті қаулыға 2026 жылғы 3 тамызда қол қойылып, 4 тамызда Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен.

Құжат ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, сыйақы әрбір жіберілген бейнежазба үшін автоматты түрде төленбейді. Алдымен құқықбұзушылық фактісі уәкілетті органдар тарапынан толық расталуы тиіс.

Сондай-ақ бірнеше маңызды шарт қарастырылған. Атап айтқанда:

  • құқықбұзушылық дерегі бұған дейін автоматты камералар арқылы тіркелмеуі керек;
  • оқиға полицейлердің немесе басқа лауазымды тұлғалардың бақылауында болмауы тиіс;
  • бұл факт басқа азаматтардың хабарламалары арқылы бұрын анықталмаған болуы қажет.

Одан кейін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша шығарылған қаулы заңды күшіне енуі керек. Бұған қоса тәртіп бұзған азамат айыппұлды толық төлеген жағдайда ғана материалдар арнайы комиссияның қарауына жіберіледі.

Комиссия барлық талаптың орындалғанын тексеріп, сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. Құжатқа сәйкес, ең жоғары төлем мөлшері 43 250 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін құқықбұзушылық туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру тәжірибесі Астанада енгізілген болатын. Түркістан облысы осы бағыттағы тәртіпті ресми түрде бекіткен алғашқы өңірлердің бірі болып отыр.

Жаңа механизм қоғамдық тәртіпті бақылауға тұрғындарды тартуды көздейді. Алайда сарапшылар мұндай жүйенің тиімділігі құқықбұзушылықты тіркеудің ашықтығына және жалған хабарламалардың алдын алу тетіктеріне байланысты болатынын атап өтеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл