| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Dauletten.kz.
5 қазан мен 5 қараша аралығында өткен «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер 576 мыңнан астам тұрғын үй мен өзге де нысанды тексерген.
Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 42 мыңға жуық дерегінің жолы кесіліп, 9 мыңға жуық шетелдік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тұрақты тұрғылықты жері жоқ 3,5 мыңнан астам адам полицияға жеткізілді.
Іс-шара кезінде 100 мыңнан астам қару иесі тексеріліп, 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Тіркелмеген 195 қару тәркіленді.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері ел аумағынан жанармайды заңсыз әкетуге қатысты қосымша бак орнатудың 595 дерегі тіркелген. Мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл, Түркістан және Қостанай облыстарында анықталды.
Вандализмге қарсы күрес аясында 1 қыркүйектен бері 26 мыңнан астам заңсыз жазу өшіріліп, 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Ал «Таза Қазақстан» бағыты бойынша жыл басынан бері 47 мыңнан астам рейд жүргізіліп, 1724 заңсыз қоқыс орны анықталды. Оның 1435-і жойылған.