Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері екі қоймадан заңсыз сатылуы тиіс болған 7,5 миллионға жуық медициналық маска тапты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған арнайы мониторинг тобының мүшесі Андрей Андреев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ақпаратты тексерген. Нәтижесінде, алдымен «Шаңырақ» шағынауданында 1 млн маска табылып, үш адам ұсталған. Тергеу барысында олар Алматы облысы Байсерке ауылындағы қойма туралы айтқан. Жедел топ аталған қоймаға барып, маскаға толтырылған жүк көлігін тапты», - деп жазды А. Андреев.
Мониторинг тобының мүшесі жедел топпен қоймаларға барғанын атап өтті. Оның айтуынша, екі қоймадан барлығы 7,5 млн маска тәркіленген.