| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 296 мыңға жуық адам қамтылды. 821,1 мың Қазақстан азаматы жұмысқа орналасты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, субсидияланатын жұмыс орындарына 168,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 13,4 мың, жастар практикасына – 29,1 мың, қоғамдық жұмыстарға – 99,9 мың, «Күміс жас» жобасына – 18,7 мың, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 6,9 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» аясында – 315 адам.
Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 9 239 грант берілді.
Сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 59,2 мың жұмыссыз қамтылып, олардың 53,5 мыңы оқуды аяқтады. «Бастау Бизнес» арқылы 50 мың адам оқытылып, 27,6 мыңы оқуын тәмамдады.
Жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 9 161 адам кәсіптік оқытуға жіберіліп, 6 375-і оқуды аяқтады, оның 6 118-і кейін жұмыспен қамтылды.
Кәсіби бағдарлау орталықтарында 363,2 мың адамға кеңес беру қызметтері көрсетілді. Жұмысқа орналасу фактісі міндетті зейнетақы жарналарының түсуімен расталады.
2025 жылғы 1 желтоқсанда нақты жұмыспен қамтылғандар саны 821,1 мың адамды құрады. Оның ішінде: белсенді шаралар арқылы – 177,5 мың, Электрондық еңбек биржасы арқылы – 209,8 мың, «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 394,8 мың, орталық мемлекеттік органдар жобалары бойынша – 39 мың адам.