Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күні: Алматыда қандай іс-шаралар өтеді
Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні: Алматыда қандай іс-шаралар өтеді

11.12.2025
мин
0
301
Сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, ұлттық тарих пен елдің ерлікке толы маңызды кезеңдеріне деген құрметті қалыптастыру.

16-17 желтоқсан қарсаңында мемлекеттік мекемелерде, қала кітапханалары мен білім беру ұйымдарында тақырыптық кездесулер, патриоттық және әдеби-музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер, тарихи-танымдық сағаттар, дәрістер, әдеби оқулар және басқа да маңызды даталарға арналған іс-шаралар өтеді.

Осы күндері Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне және «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне дәстүрлі гүл қою рәсімі ұйымдастырылады. Оған қала басшылығы, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, 1986 жылғы оқиғаға қатысушылар, этномәдени бірлестіктер өкілдері және жастар қатысады.

17 желтоқсанда қаланың барлық сегіз ауданында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қаза болғандарды еске алуға арналған ас беріледі.

Бұдан бөлек, қала әкімдігі желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін дәріптеуге және жастар арасында отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған төрт мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған жобалар аясында қайырымдылық акциялары, спорттық турнирлер, шығармашылық және патриоттық іс-шаралар, тақырыптық конференциялар мен байқаулар өткізу жоспарланған.

Бұл іс-шаралар тарихи жадты сақтау, Тәуелсіздік үшін күрескен буынның ерлігіне құрмет көрсету және осы құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл