Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелге шығарылған активтерді қайтару бойынша комиссия жұмыс жасап және тиісті заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қазір заң жобасы бизнес өкілдерімен, үкіметпен талқыланып жатыр. Негізгі әзірлеуші – Әділет министрлігі. Жақын арада бұл заң жобасын жалпы талқылауға шығарамыз», - деді Қаржы Министрі.
Бас Прокуратураның Қаржы министрлігіне берген ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күнге дейін заңсыз шетелге шығарылған 670 миллиард теңге Қазақстанға қайтарылды.
фото: turkystan.kz