Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін пайдалану мақсатында «Отбасы банк» қосымшасында шот ашуға болады.
Азаматтардың жинақтағы ақшаны алуға өтінім беретін онлайн платформа толық дайын. Десе де, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қол қойылуы керек. Азаматтар қаражатты баспана алу, емге жұмсау үшін «Отбасы банк» қосымшасынан шот аша алады.
Банк өкілдері азаматтарға жинақтағы қаражатты алу үшін шот ашуға кеңес береді.
Ол үшін:
Өтініш беру үшін:
- Порталға кіру, ЭЦҚ-мен авторизациялану және жеке кабинет ашу.
- Ақшаны қандай мақсатта жұмсағысы келетінін таңдау. Әр мақсаттың өзіндік құжаттар тізімі бар, оларды алдын-ала сканерлеу керек.
- Жұмсағысы келетін соманы көрсету керек.
- "Өтінімді қалыптастыру" батырмасын басыңыз.
- БЖЗҚ-ға қаражат сұрату үшін қажетті үш өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Келесі қадам азаматтардың арнайы шоты болған жағдайда "БЖЗҚ-ға өтінім жіберу" батырмасын басады. Шоттағы жеткілікті соманың бар екені жайлы хабарлама келген соң құжаттарды жүктеу керек. Құжаттар арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін 45 жұмыс күні ішінде жүктелуі керек.
Тағы көру