Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жарналарын төлемегендердің банк шоттары бұғатталады
Жаңалықтар

Зейнетақы жарналарын төлемегендердің банк шоттары бұғатталады

13.11.2025
мин
2
1026
Сурет: egemen.kz/

❗️Зейнетақы жарналарын төлемегендердің банк шоттары бұғатталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Үкімет зейнетақы жарналарын есептеу мен аудару тәртібін реттейтін қаулыларды бекітті. ✅Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жаңа ережеге сәйкес, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары әрбір жұмыс істейтін азаматтың ай сайынғы табысынан ұсталып отырады. Яғни, енді жалақыдан бұрынғыдай тек міндетті зейнетақы жарнасы ғана емес, сонымен қатар кәсіби зейнетақы жарнасы да есептеледі. Бұл – болашақта зейнетақы көлемінің ұлғаюына мүмкіндік береді деген сөз.

Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға болсаңыз (мысалы, жеке шебер, такси жүргізушісі, онлайн сатушы және т.б.) және арнайы салық режимін қолдансаңыз, онда кәсіби зейнетақы жарнасын өзіңіз есептеп, ай сайын дербес аударуыңыз қажет.

Мысалы, қараша айында табыс тапқан жағдайда, сол табыстан зейнетақы жарнасын есептеп, желтоқсанның 25-іне дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуыңыз керек.

Сонымен қатар, егер міндетті зейнетақы немесе кәсіби жарналар бойынша берешек сомасы 6 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын болса, салық органдары төлеушіге хабарлама жібереді. Ал егер берешек 10 жұмыс күні ішінде өтелмесе, төлеушінің банк шоттарындағы шығыс операциялары тоқтатылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Ф
Фариза 14.11.2025
Білгендерін істеді ау пашамайттар, алансыз укімет халыкты тонауга кошкен екен. Кезінде Нурсултан жер тонап еді, енді Токаев халыкты тонап жатыр. Өмір сургізбейтін болды гой. 21-23 жас інілерім турция кетіп жумыс істеп жатыр 6 ай болды. Январдан бастап турцияга коныс аударады. Ойткені жагдайлары алде кайда жаксы.
Жауап беру
Г
Гульзия 14.11.2025
Жұмыс істемейтін,инвалид баламен отыратын адам сонда кішкентай пособиядан зейнетақы қорына төлеу керек пе,баланың емі,тармағы, дәрісі жолмен қалама?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл