Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға пайдалану ережесі жарияланды
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға пайдалану ережесі жарияланды

22.01.2021
1 мин
5
2395

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азамттардың зейнетақы жинағындағы соманы тұрғын үйге пайдалану ережесін бекітті.

Зейнетақы жинағындағы қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға төмендегідей мақсаттарға пайдалануға болады:

  • тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша толық есеп айырысу;
  • жер сатып алып, жеке баспана салуға;
  • ипотека рәсімдеу үшін бастапқы жарна ретінде;
  • ипотекалық қарызды қаржыландыру, соманы ішінара немесе толық төлеу;  
  • ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу;
  • сатып алу құқығы берілген тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.

Біржолғы зейнетақы төлемі белгіленген талаптарға сәйкес шектеусіз пайдаланылады.

Өтініш беруші адам жұбайының және (немесе) жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануы үшін тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.

Алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тартуға негіз болмайды.

 

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.

Біржолғы зейнетақы төлемі алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді.

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті бес жыл ішінде сатуға болмайды. Егер мүлік сатылатын болса, біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын қайтаруға тура келеді. Норма 5 жылдан астам өтеу мерзімі қалған және олар бойынша өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үй қарыздарына ғана қолданылады. Яғни, егер ипотека бұрын төленсе, мораторий алынып тасталады.

Құжаттың толық мәтінін мына жерде оқуға болады.



 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
Э
Эльмирс 22.01.2021
Саламатсыздарма мен тусинбедим бул зийнетакыны пайдаланыуга канша акша болыуы кажет откенде корсетилген суммадан артык болса гана алыуга рухсатпа или бул ол шыгарганнан баскасыма
Жауап беру
Ж
Жаркын 22.01.2021
Мен 56мын Маган канша тенге Болу кажется ай слуга менде 5млн160тенге бар
Жауап беру
С
Сәуле 22.01.2021
Ауылда тұрамыз үй соғуға материал алу үшін қалай пайдаланамыз ақшаны сол жайлы толық жазсаңыздар алдын ала рахмет
Жауап беру
А
Асқар 22.01.2021
Осы әңгіме шыққан нан соң, Қазақстан дағы үйлердің бағасы 20-30 пайызга осип кетти. Сонда халыкка не пайда?
Жауап беру
О
Олжас 22.01.2021
Иә, үйлер қымбаттап жатыр
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл