Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысында "Меркі тәжірибе шаруашылығы" және "Жеміс-жидек" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін облыс прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде екі серіктестіктің 2015–2022 жылдар аралығында жалған құжаттар жасау арқылы мемлекеттен 321 миллион теңгеден астам заңсыз субсидия алғаны анықталған.
Серіктестік басшылары қол астындағы қызметкерлердің көмегімен жеміс ағаштарының көшеттерін сатуға қатысты құжаттарды қолдан жасап, сатылған өнім көлемін әдейі асыра көрсеткен. Осылайша, жалған деректер негізінде мемлекеттен заңсыз қаржы алған.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Аса ірі көлемдегі алаяқтық") және 385-бабы 2-бөлігі ("Жалған құжаттарды қолдан жасау") бойынша қозғалып, арнайы прокурорлардың қадағалауымен тергелді.
2025 жылғы 23 шілдеде Меркі аудандық соты барлық айыпталушыларды кінәлі деп танып, ЖШС басшыларына 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, олар 10 жыл бойы мемлекеттік секторда қызмет атқару және қаржы саласына қатысты лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды.
Алаяқтық әрекеттерге көмектескен тағы бес қызметкер 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жамбыл облысының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау бойынша жұмысын жалғастыруда.