441.89
502.56
5.19
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерін бопсалаумен айналысқан топ ұсталды
Жаңалықтар

Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерін бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

24.09.2026
мин
0
116

Жамбыл облысында шекара бекеті арқылы өтетін көлік жүргізушілерінен заңсыз ақша талап етті деген күдікке ілінген қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Арнайы операция ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және прокуратура қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 23 қыркүйекте жүргізілген. Тергеу аясында 27 тінту өткізілді. Нәтижесінде суық қару, байланыс құралдары, қомақты көлемдегі ақша қаражаты және бірнеше автокөлік тәркіленді.

Қазіргі таңда күдіктілердің ауыр жүк көліктері, жолаушылар тасымалдайтын, жеңіл және транзиттік автокөлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша талап еткені туралы деректер тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс топ болып бопсалау фактісі бойынша тергелуде. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктілердің әрқайсысының әрекеттегі рөлін және қылмыстың басқа да ықтимал эпизодтарын тексеруде.

Ішкі істер министрлігі азаматтар мен кәсіпкерлерге қысым көрсетуге, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетіне жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының негізгі міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және қылмыс жасаған адамдардың заң алдында жауап беруін қамтамасыз ету.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл