Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбыл облысында жалған адвокат пен оның сыбайласы қолға түсті
Жаңалықтар

Жамбыл облысында жалған адвокат пен оның сыбайласы қолға түсті

16.01.2026
мин
0
173

Жамбыл облысында жалған адвокат пен оның сыбайласы қолға түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жамбыл облысында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері өзін адвокат ретінде таныстырған 39 жастағы күдіктіні ұстады.

Өткен жылдың соңында жалған адвокатқа 31 жастағы жергілікті тұрғын туысының мүддесін қорғау үшін заң көмегіне жүгінген. Сенімге кірген күдікті білікті заңгерлік қолдау көрсетемін деп уәде беріп, 1 200 000 теңге көлемінде алдын ала төлем алған. Кейін түрлі сылтауларды алға тартып, туындаған мәселелерді белгілі бір лауазымды тұлғалар арқылы шешу қажеттігін айтып, жәбірленушіден қосымша қаражат талап еткен. Осылайша алаяқтың қолына түскен жалпы сома 4,5 миллион теңгені құрады. Алайда уәде етілген нәтиже болмаған, ал "адвокат" жәбірленушімен байланысын біртіндеп үзген.

Жәбірленушінің полицияға арыздануынан кейін Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізіп, Жамбыл облысы Шу қаласында екі күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында 45 жастағы күдікті жалған адвокаттың сыбайласы ретінде ақшалай аударымдарды өз есепшотына қабылдап отырғаны анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл