Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау тәртібі қайта қаралды
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау тәртібі қайта қаралды

21.01.2026
мин
1
553
Сурет: astanatimes.com

2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану тәртібі өзгереді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Жаңа өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін алдымен арнайы шот ашады. Осыдан кейін тұрғын үй мақсатында қаражат алу жөніндегі өтініш электрондық форматта жолданады. Құжатта арнайы шоттың деректемелері, қаражатты пайдалану бағыты және қолжетімді сома көрсетіледі. Өтініш электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бекітіледі.

Бұрын электрондық өтініште жеке табыс салығын есептеу мен аудару тәсілдері міндетті түрде көрсетілетін. Жаңартылған талаптарда бұл норма алынып тасталды.

Ережеге сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемдерін Қазақстан аумағында тұрғын үй сатып алу үшін алынған ипотекалық қарызды толық немесе ішінара жабуға пайдалануға болады. Сондай-ақ бір банк қарызы аясында үйді жөндеу жұмыстарына, жеке тұрғын үй салуға немесе тұрғын үй құрылысы мен жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер телімін сатып алуға рұқсат етіледі. Аталған қаржыландыру тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы рәсімделуі тиіс.

Сонымен қатар зейнетақы қаражатымен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша құқықтарды жұбайына немесе жақын туыстарына беру мүмкіндігі сақталады. Алайда бұл құқықтарды үшінші тұлғаларға қайта тапсыруға жол берілмейді.

Жаңартылған қағидалар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы зейнетақы қаражатын пайдалану тәртібіне де өзгеріс енгізді. Егер белгіленген мерзім ішінде растайтын құжаттар тапсырылмаса, пайдаланылмаған қаражат өтініш берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына кері қайтарылады.

Құжатқа енгізілген жаңа нормалардың бірі қате аударымдарға қатысты. Егер біржолғы зейнетақы төлемі өтініш берушінің арнайы шотынан жаңсақ түрде БЖЗҚ-ға аударылса, уәкілетті оператор азаматтың келісімін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қорға электрондық хабарлама жолдауға міндетті.

Ал БЖЗҚ хабарлама алынған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілген соманы, жеке зейнетақы шотындағы қаражат көлемінен аспайтын мөлшерде, уәкілетті операторға қайта аударады. Кейін бұл қаржы өтініш берушінің арнайы шотына есепке алынады.

Аталған өзгерістерді көздейтін бұйрық 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал кейбір нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыла бастайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
М
Мадонна 21.01.2026
Парокка жетпеген пенсионный накопленияны,Жилстройга аударуга болама
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл