| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда әлеуметтік жағынан осал топқа кіретін 15 санат үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда әлеуметтік жағынан осал топқа жататын 15 санат үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын мемлекет төлейді. Бұл санаттағы тұлғалар МӘМС жүйесі аясында медициналық қызметтерді жарна төлемей пайдалана алады.
Мемлекет есебінен МӘМС жарнасы төленетіндер қатарына балалар, ресми түрде тіркелген жұмыссыздар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласының заңды өкілдерінің бірі болып саналатын жұмыс істемейтін ата-аналар кіреді.
Сонымен қатар жүктілік және босануына байланысты, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты немесе бала үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасау бойынша демалыста жүрген тұлғалар да осы санатқа жатады.
Аталған тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мемлекет тарапынан төленеді.