Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысындағы ауыз судың сапасын жақсартуға бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін бірқатар шенеуніктер сотталды, деп хабарлайды Dauletten.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің экс-басшысының 6,5 миллион теңге ұрлау фактісін Қордай ауданының прокуратурасы анықтады.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, Сарыбастау ауылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы «М», «Қордай су» МКК директоры «К» және кәсіпкер «Е» құжаттар бойынша құны 12,3 миллион теңгені құрайтын су мұнарасын салуы тиіс болған.
Алайда нысанды егжей-тегжейлі талдау және визуалды қарау су мұнарасының шын мәнінде салынбағанын көрсетті.
Нәтижесінде, тергеу барысында тараптар 6,5 миллион теңгені иемденіп, өзара бөлісіп, ауыл тұрғындарын өздігінен ағып жатқан суды пайдалануына қалдырғаны белгілі болды.
Заңсыз игерілген ақша толығымен мемлекетке қайтарылды.